БІЛІКТІЛІК СЫНАҒЫ

Кандидаттарды іріктеу жиынына аталмыш құрылым басшысы Л.Баймұқашев, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Т.Ғабдуллин және Атырау облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасының бас маманы Б.Есениязова мен «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалының құрамды басқару жөніндегі консультанты Д.Досқалиева қатысып, кандидаттардың біліктілігін сынады.

Осылайша, жетекші маман әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурсқа қатысқан екі кандидаттың бірі комиссия мүшелерінің қойған сұрақтарына мүдірместен жауап беріп, қызметке орналасатын болды. 

– Конкурсқа қатысушылардың білімін жан-жағынан бақылау үшін осыншама маман иелерінің қатысуының басты мақсаты – қызметке орналасу жағдайында жемқорлыққа жол бермеу. Біз осы қатысып отырған комиссия мүшелерінің ұсыныстарын есепке ала отырып, шешім қабылдадық, – дейді Лес Баймұқашев. 

Диас НАУРЫЗӘЛИЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*