Билет жоқ. Бірақ… орын бар!

Таяуда облыстық арнайы бақылау тобы Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментімен бірлесіп, Атырау вокзалында қазақстандық теміржол компанияларының жұмыс сапасын тексерді.

Жолаушы тасымалы

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде біраз олқылықтың орын алғаны анықталып отыр. Жолсеріктердің орын сату фактілері мен делдалдарды анықтау үшін «жасырын сатып алушы» әдісі қолданылып, «Атырау-Маңғышлақ», «Ақтөбе-Маңғышлақ», «Атырау-Алматы» бағыттары бойынша кассаларда билет қалмаса да, пойыздарда бос орындар анықталған.

Нәтижесінде, діттеген жеріне жетуді көздеген жолаушылар жолсеріктермен «жең ұшынан жалғасып», билетсіз мінуге мәжбүр болған.  Осылайша, «жасырын сатып алушы» «Атырау -Алматы» бағытындағы билет құнының екі есесін төлеп, 20 мың теңге беруге келіскен. Дәл осындай әрекеттер өзге бағыттарға да қолданылуда. Мәселен, арнайы топтың тағы бір мүшесі «Ақтөбе-Маңғышлақ» пойызына Құлсары стансасынан Маңғышлақ стансасына дейін билетсіз жетіп алу үшін бес мың теңгеге уағдаласқан. Бұл бағыттағы билеттің құны үш мың теңге тұрады.

Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы жағдай жемқорлық қаупін анықтап, жолаушылар мен жолсеріктер үшін қолайсыз жағдай туындатып отыр.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*