БИІК МҰРАТ ЖОЛЫНДА

Халықты қиыншылықтарға ұрындырмай алып өтуге  бағытталған бұл Жолдау – тарихта қалатын құнды құжат. Дер кезінде жасалынған ұтымды шешім, батыл бастама болды.

Соның ішінде, әлеуметтік инфрақұрылымдардың одан әрі жақсаруы туралы да сөз болды.  Заманауи мектептер мен балабақшалар салынып, ауруханалардың жоғары сапалы қызмет көрсетулері міндеттелді. Апатты мектептер мен үш ауысымды оқытулар мәселесін шешуге 70 млрд. теңге қосымша қаржы қарастырылды.

Бұл жерден түйгеніміз, біздің мемлекетімізде ең басты құндылық – адам және оның болашағы. Сондықтан, Жолдау тапсырмаларының қай-қайсысы да әр адамның әлеуетін арттырып, жастардың жарқын бастамаларын қолдауға арналған.

Денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жақсарту болып табылады. Бүгінгі күні білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, тағы басқа салаларда  мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыстар ұтымды жүргізіліп, маңыздылығы ашыла түсуде. Халықтың игілігі үшін жасалып жатқан бұл оңды іс одан әрі өз жалғасын тауып, Жолдау тапсырмаларымен үндестікте іс жүзіне асары сөзсіз. Елбасымыз өзі бастаған істерін өзі батыл жүргізуі үшін мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізудің ролі маңызды деп ойлаймын.

Мәңгілік ел – барша қазақстандықтардың басты идеясы. Берік ауызбірлікті қалыптастыратын қуатты күші.Оның бастауы біздің мемлекет үшін тым тереңде жатыр. Алда бізді талай тарихи белестер күтіп тұр. Осы бір сара жолда бізді игіліктерге бастайтын тынымсыз еңбек, қажыр-қайрат және іргесі берік ұлы достық екені даусыз.

Жібек БИСЕНОВА,

«Болашақ К» қоғамдық қорының төрайымы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*