БИ ӨНЕРІНДЕГІ БӨЛЕКШЕ ҚҰБЫЛЫС

Премьераға отандық және шетелдік озық хореограф мамандар тартылғандықтан, қойылымды көрермендер асқан қызығушылықпен тамашалаған. «Astana Ballet» тұсаукесер барысында 15 ғажайып көрініс ұсынған. Олардың қатарында «Жел қанатында» деп аталатын қытай биі, «Сарасвати» атты үнді биі және жапонның дәстүрлі «Майко» үлгісіндегі билер де бар. Костюмдер мен қайталанбас үлгідегі декорация безендіруді былай қойғанда, әртістердің сиқырлы қимылдары, яғни кәсіби шеберліктері жиналған қауымды тәнті еткен. 
Концерттің басы-қасында жүрген балетмейстер-қоюшы, халықаралық байқаулардың лауреаты Надежда Калинина аstana.kz-ке берген сұхбатында көптен күткен премьераның жоғары деңгейде өткендігін айтады. «Мен хореограф-қоюшымын. Концертке ай бойы үздіксіз жаттығу жүргіздік. Бүкіл күш-жігер жұмылдырылған қойылым еңбекті ақтады. Өте жоғары деңгейде өткендігін көрермендердің ықыласынан байқадым. Енді мұндай айтулы мереке қарсаңында керемет ұжым дүниеге келді деп сеніммен айтуға болады. Мені әзірлік жүргізіп, қойылымды ұсыну үшін Санк-Петербургтен арнайы шақырған еді» дейді ол.
«Astana Ballet» еліміздің би өнерін әлемдік қауымдастыққа таныту мақсатында имидждік жоба ретінде құрылды. Құрылтайшысы «Н.Назарбаевтың мәдениет, білім және әлеуметтік бағдарламалар қоры» болып табылатын ансамбль құрамына А.Селезнов атындағы Алматы хореография училищесінің түлектері де еніп отыр. Мұндағы басты мақсат әлемдік өнердің заманауи тенденцияларына жауап беретін ел ішіндегі таланттарды жарыққа шығару болып табылады.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*