«Жынымды келтірмеңізші» деген вице-министр журналистерден кешірім сұрады

3397292 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr. kz / 13 – ақпан.  Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғарин тілшінің тарифке қатысты қойған сауалына өрескел жауап бергені үшін кешірім сұрады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысына сілтеме жасаған Sputnik.

https://www.youtube.com/watch?v=VI4RG6X_35U
3397292

«Мен журналистерге қарата қатты айтқан сөзіме өкініш білдіремін. Иә, менің сөзім өрескелдеу болды. Сол себепті, журналистерден ресми түрде кешірім сұраймын. Сұхбат беру мәселесіне келсек, ол жайлы ескерткенімдей, журналистерді қызықтырған сауалдарға жауап беруге дайынмын»- деді вице-министр.

Ұлттық  экономика  министрлігінің  баспасөз қызметі диалог орнатуға және ролик бойынша берілген сауалдарға жауап беру үшін алаң мен спикер ұсынуға әзір екенін атап өтті.

Естеріңізге сала өтсек, шағын және орта бизнес туралы шараға келген журналист вице-министр Серік Жұманғаринге тарифтер туралы сауал қойған.

«Шара шағын және орта бизнес жайлы. Ал , сіздер тариф туралы сұрауға келдіңіздер ме? Маған ресми келіңіздерші, мен сізге тариф туралы бәрін айтып беремін. Жынымды келтірмеңізші», – деп Ұлттық экономика министрінің орынбасары бірден жауап беруден бас тартқан.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз