Жыл соңына дейін Атырау қаласы 170 автобуспен толығады

unnamed Жаңалықтар

Atr.kz/7 ақпан, 2020 жыл.   Бұл туралы Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өтіп жатқан  Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев халық алдында есеп беру жиналысында атап айтты. 


-Қаланың ең өзекті мәселелерінің бірі қоғамдық көлік «Атырау қаласының 2017-2021 жылдары қоғамдық көлік кешенін дамыту тұжырымдамасына» сәйкес 2018-2019 жылдары аралығында       131 автобус сатып алынған, оның ішінде 40 автобус 2019 жылы сатып алынды, жалпы  қала бойынша 30 бағытта қызмет атқаратын  190 автобус қызмет көрсетуде.


Өткен жылдың 11 қазан күні қала ішілік маршруттарға Дифференциалды тариф электронды төлем жүйесін енгіздік. Электронды төлем жүйесін енгізу бұл қаржыны көлеңкелі айналымнан шығарып, нәтижесінде автопарктардың табысы     50 пайызға артты. 
Инфобас арнайы мобильді қосымшасы арқылы автоубстардың қозғалысын және жүру маршрутын бақылауға болатын мүмкіндіктер енгізілді. Қазіргі таңда жүйеде кемшіліктер  бар, бірақ біз мұны шешуге жұмыстанатын боламыз.

Сонымен қатар, қоғамдық көлікте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасауды қолға аламыз.
Қала бойынша қоғамдық көліктің жетіспеушілігін шешу мақсатында біз жаңа автобустар алатын боламыз. Наурыз айында жаңа автобустардың 20 данасы  келеді деп күтілуде.

Қалған  170 автобус жыл соңына  дейін келеді деген жоспарымыз бар. Бұлардың барлығы Қазақстанда жасалған өнім болады,- деді шахар басшысы.

img 20200207 wa0031
img 20200207 wa0029
http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda%D2%93y-auyldy%D2%9B-okrugterge-zha%D2%A3a-avtobustar/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз