Жылыой ауданында су мәселесі шешімін табады

WhatsApp Image 2018 06 12 at 09.16.55 Жаңалықтар

Жергілікті билік Астрахан облысындағы су тоғанының көлемін ұлғайту арқылы Жылыой ауданы халқын сумен қамту мәселесін шешуге ниетті, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-06-12 at 09.16.55

11 маусым күні Жылыой ауданының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы мен Құлсары қаласының әкімі Шәкір Кейкин 1 ықшам аудан тұрғындарының су проблемасымен танысты. Сондай-ақ, 17-18, 19-20 нөмірлі үйлердің жоғарғы қабаттарына шығып, тұрғындардың шағымдарын тыңдады, кейбір тұрғындар су жоғарыға тек белгілі бір уақытта ғана көтерілетінін айтты.

Аудан басшысы бұл мәселе облыс деңгейінде бірнеше рет көтерілгенін атап өтті. Сондай-ақ, Астрахан – Маңғышлақ су құбыры күрделі жөндеуден өтіп жатқанына тоқталды.

«Өткен аптада «ССС-5» жобасы аясында айтылғандай, Атырау мен Маңғыстау облыстарын сумен қамтуды Астрахан облысындағы су тоғаны арқылы көбейту жұмысы аяқталуда. Бұл жоба екі облыстың сумен қамтылу көлемін тәулігіне 94 мың текше метрден 110 мыңға дейін жоғарылатады», – деді Ә. Құттымұратұлы.

Осылайша, жақын арада Жылыой ауданындағы су тапшылығы проблемасы шешімін табады деп күтілуде.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз