Жүргізуші куәлігі енді қайдан беріледі?

20160608154828 Жаңалықтар

Atr.kz/21 мамыр, 2019 жыл. Шілде айынан бастап автокөліктерді тіркеу мен жүргізуші куәліктерін беру қызметі халыққа қызмет көрсету орталығына берілетін болды.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Тұрлан Нұржанов хабарлады.

– Мамандардың көліктерді тіркеу мен куәліктер беруге біліктілігі мен тәжірибесі жеткілікті деп санаймыз. Себебі, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылғалы бері бес айда қызметкерлер қажетті мәліметті толық меңгерді, – деді ол.

Сондай-ақ, шілде айынан бастап сұраныстағы электронды анықтамалар халыққа қызмет көрсету орталығынан сұратылмайтыны белгілі болды. Уәкілетті органдармен арадағы интеграция негізінде мекемелер қажетті анықтамаларды жүйеден өздері ала алады. − Ата-ана мектепке алғаш рет балалар үшін қажетті ақпаратты портал ашылғасын электронды цифрлы қолтаңба арқылы үйінен, не ғаламтор желісі бар жерден бұл толтыра алады. Сонымен қатар, оқу орындарының өзіне барып, мәлімет беруге мүмкіндігі бар, – деді Т.Нұржанов.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз