Жолдар мен нысандарға – 258 миллиард теңге

Жаңалықтар

Atr.kz/21 қазан, 2019 жыл. Төрт жыл ішінде Атырау облысындағы жолдар мен әлеуметтік нысандардың құрылысына 258 млрд.теңге бөлінді.

Сонымен, 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі уақыт аралығында облыста жалпы құны 130,7 млрд.теңгені құрайтын 255 жоба жүзеге асырылды.

Осы жылдар аралығында салынған нысандар:

– Жалпы құны 23,5 млрд.теңгені құрайтын 41 білім беру мекемесі;

– 4,3 млрд. теңгені құрайтын 9 медициналық мекеме;

– Құны 3,6 млрд. теңге болатын 9 мәдениет нысан;

– Жалпы құны 4,5 млрд.теңгені құрайтын 11 спорттық нысандар;

-25 млрд. теңгеге әлеуметтік-тұрғын үй құрылысы саласындағы 106 нысан;

– Жалпы құны 69,8 млрд.теңгеге 815 шақырым жол;.

2019 жылы жалпы құны 127,3 млрд. теңгені құрайтын 104 жоба салынды:

– Құны 22,8 млрд. теңгеге 26 білім беру мекемесі;

– 7,3 млрд. теңгеге 4 медициналық мекемесі;

– 3,4 млрд. теңгені құрайтын 8 мәдениет нысан;

– Құны 0,872 млрд. теңге болатын 3 спорттық нысан;

– 35,8 млрд. теңгеге әлеуметтік-тұрғын үй құрылысы саласындағы 38 нысан;

– Жол құрылысы саласында жалпы құны 51,7 млрд.теңгеге 28 жоба.

75250936 790611408040194 2399566780524658688 o
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз