Жеті саны және қазақы ұғымдар нені білдіреді?

1528006885 ata turaly Жаңалықтар

Аtr.kz/28 мамыр, 2019 жыл. Жеті саны – қазақ үшін киелі, мәні зор. Халықтық ұғымдағы көптеген түсініктерді тап осы санмен астастыру да – қазақы философия.

Ол негізсіз де емес. Сан ғасырлар бойы саналарға сіңіп, өз дұрыстығын дәлелдеген түсініктер. Ұлт мұрасын ұрпақтарға жеткізу жолында еңбек етіп жүрген газетіміздің тұрақты авторы жазушы, өлкетанушы Өмірзақ Қажымғалиевтың аталмыш мақаласын ұсына отырып, тақырып төңірегіндегі таным-түсініктеріңізді молайта түседі деп сенеміз.

ЖЕТІ АТА

«Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген халық мақалының түп тамыры қан тазалығын сақтауға арналған бабаларымыздың пәлсапалық қағидасы ретінде танылып келеді. Ұланғайыр жерін қорғайтын, болат найзасын мықты ұстап, діттеген жеріне тигізе де, жеткізе алатын, ақ білектің күшіне ие қайратты ер тәрбиелеудің алғы шарты – қан тазалығын сақтау. Атаның тектілігін сақтау үшін қандастар бір-бірімен қосылмағанда ғана дені таза, іс қабілеті жоғары перзент дүниеге келетінін дамыған ғылым дәлелдеді. Генетикалық заңдылықты игерген аталарымыз кімдер еді? Түпкі шежіремізден туысқан түрік, өзбек, қарақалпақ, башқұрт, қырғыз халықтарының арасында тектілік қасиетті сақтауды басты құндылыққа айналдырған қазақтар екені мәлім. Ежелден жеті атаны түгендеп, әр буындағы туыстық қатынасты өз атауларымен таныған. Сол ұстанымнан алшақтамай күнделікті өмірдегі пайдалануымызға алсақ тың ұғымдарды ашудың қажеттілігі туындамайды. Десек те кейбір кереғар пікірлер де кездеседі. Мысалға 5-7 буындағы жандарға жат, жекжат атаушылар табылып жүр. Бір рудың кісілері туысқан болмаса да, руласпыз деп жақын тартатыны еш жасырыны жоқ шындық. Аталарымыздың бірлікке ұйытатын туыстық қатыстағы атауларын басшылыққа алып, төмендегідей кестелегенді жөн санаймыз. Туыстық қатыста: бір әкеден туғандар – бауыр, ағалы-інілі кісілердің баласы – немере, үшінші буын – нементай, төртінші буын – немене, бесінші буын – немкетті, алтыншы буын – аталас, жетінші буын – қандас. Одан әрі рулас. Орта есеппен адамда 5-6 литр қан бар. Жетінші буында бастапқы әкесінің 5-7 мл. мөлшерінде қаны сақталады. Жеті атаға дейін қыз алыспаған таза қанды халықпыз. Өте ұлағатты ұстаным. Қазіргі кезеңде ой тереңдетіп, оныншы сатыдан әрі үйленсе деген пікіріміз бар. Ол буында қандық сәйкестік жоққа тән. Ал, өзіңнен тараған ұрпақты және қазақы ұғымдар Жеті саны – қазақ үшін киелі, мәні зор. Халықтық ұғымдағы көптеген түсініктерді тап осы санмен астастыру да – қазақы философия. Ол негізсіз де емес. Сан ғасырлар бойы саналарға сіңіп, өз дұрыстығын дәлелдеген түсініктер. Ұлт мұрасын ұрпақтарға жеткізу жолында еңбек етіп жүрген газетіміздің тұрақты авторы жазушы, өлкетанушы Өмірзақ Қажымғалиевтың аталмыш мақаласын ұсына отырып, тақырып төңірегіндегі таным-түсініктеріңізді молайта түседі деп сенеміз.
жеті буынға дейін жіктесек, әкеден – бала, немере, нементай, шөбере, шөпшек, көзім, ізім. Немересін құлыным деп мейірленсе, одан көрген ұрпағын нементайым деп иіскейді. Жылқыжанды халықпыз. Сәбилерді оның төліне теңеу қанымызға сіңген. Сондықтан, әр әулеттің өз тайы бар. Төртінші буындағы ұрпағын шөбере санау дұрыс. Жиырма жастан үйленсе, сексеннен асып тоқсанның төбесін көргенде шөбере сүйеді. Оның қолынан су ішу арманының жетегінде баласын, немересін ерте үйлендіруге ұмтылады. Демографиялық мәселелерімізді шешуге үлес қосылар еді. Аталықты түгендеу: Әке, Ата, Арғы Ата, Тек Ата, Түп Ата, Ұлы Ата, Баба. Әкенің әкесін Ата деу жалпы дағдыға енген. Оның әкесін Баба деу тым келте қайыру. Түсінігімізде ондай атау ғасырлар қатпарында өмір сүрген түп тамырымызға тән. Ұсынылып отырған кестеде келтірілген өзімізден бастағанда үшінші буын арғы атаң, төртінші буын тегің, бесінші буын түп Атаң. Алтыншы буын, яғни, аталастықтың бастауы ұлы Ата деп түзеу. Өткеніміз жөніндегі шежірелік түсінігімізді байытады. Жетінші буын Бабадан тараған ұрпақтар ызғындай ел құрайды. Ана арқылы туыстық шежіресі. Өзіңнен тараған (туған) қыздың баласы – Жиен. Жиеншар. Жұрағат. Жекжат. Тұражат. Туажат. Қаймана(әріжат) болып жалғасады. Қыздан тараған ұрпақтар да жеті атаны сақтауы ләзім. Жетінші буында қосылатындар – бір-бірінен алшақ, яғни, бөтен санайды. Некелесу қайманадан әрі бастау алғаны қан тазалығын сақтайды.

ЖЕТІ БАЙЛЫҚ

Жаратқан иенің адамзатқа берген жеті байлығы: Жер ана, дария теңіз, нұрлы күн, сәулетті ай, ел қорғаны жігіт, бойжеткен қыз, кен байлығы. Халқымызда «әуелі байлық – денсаулық, екінші байлықақ жаулық, үшіншісі он саулық…» деп айтар сөз бар. Біз көрсеткеніміз жекелеген адам емес, жалпы адамзаттың байлығы. Оны қорғаштап, қорғау – әлем халқының парызы. Жер ананың қадірін қастерлеу – барлық өмір бастауы. Дария теңіз – тіршілік кепілі. Оның маңызы мен құндылығы жөнінде даналық сөздер жеткілікті. Ұрпақ жалғастырар жас жігіт пен бойжеткен қыз – адамзаттың кәусар бұлағы, тірегі. Табиғат жаратылысындағы байлығымыз – жер қойнауындағы кен. Жаратқан ие берген байлықты сақтау – міндет. Сондықтан, экологиялық мәселе – ең жанды аса сақтықпен қарайтын тұсымыз. Жауапсыздықпен істелген шарадан қырылған аң мен құс өзендегі балық адамзатқа жасалған қаскөйлік деп есептеу ләзім.

ЖЕТІ ҚАЗЫНА

Ер азаматтың жеті қазынасы: от, су, жүйрік ат, алмас қылыш, өткір пышақ, берен мылтық, құмай тазы. Біз – түздің халқымыз. Табиғатпен біте қайнаса игілігін көріп, қиындығын жеңіп, өмір жолымызды жалғап келеміз. Дала өңірінде кездесетін қауіпқатерге алдырмай азық табар, күрес жолында қаруы мен жолдас болар жануарлар түз жортқан жанның қазынасы саналады. Бір ескеретін жай – адам адамға қазына емес. Әдейілеп көрсетуім, кейбір басылымдарда ондай пікірлер қолданылып жүр.

ЖЕТІ ЖЕТІМ

Ханы жоқ ел жетім, ел қонбаса жер жетім, аққу-қазсыз көл жетім, аң жортпаған түз жетім, тыңдалмаған сөз жетім, елінен айырылған ер жетім, анасыз қалған ұл жетім. Халықты біріктіріп бабын тауып, дұрыс бағытқа жөндеп, келелі ісін өрге тартып, жұмылдырып отыратын басшы керек. Онсыз ел жетім. Сұлтандай билік айтып, құлындай ұлтан болып еңбек атқарған әкім – халқының панасы, елінің данасы. Басшысын сыйлау – елдің абыройы. Түсінігі таяздарды түсіндіріп, тезге салу – көптің міндеті. Жер елімен көрікті. Елдігімізді сақтап, бірігу – халықтың міндеті. Көлінде жайқалған қамыс-құрағы жағасында орман-тоғайынан айырылса береке бола ма? Түзінде үйірілген аңдар жорытпаған құлазыған құба жон кімге пана? Елімен мақтанбаған, ыстығына күйіп, суығына тоңбаған ер кімге тұлға – ол да жетім. Қолдайтын халқы жоқ жалғыз ер елге керек пе? Жалғыздың шаңы да шықпайды. «Ет жүректен шыққан сөз, ет жүрекке жетсе екен» деп Мақаш әкім айтқан нақыл – өмір шындығы. Жетімдік жөнінде айтылар сөз баршылық. Киілусіз қалған сауыт, ұсталмаған жарақ, иесіз қалған құрал және басқалар. Ең жанға батар – ата-анадан балғын бөбек шағында айырылу. Жас өсер, жетілер, бірақ, көңіл жетімдігі ғұмырына жалғасады.

Өмірзақ ҚАЖЫМҒАЛИЕВ,

жазушы, халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз