Жеті алтын, үш күміс, он қола!

62603521 2446530968900613 1852099028859224064 o Жаңалықтар

Atr.kz/17 маусым, 2019 жыл. Алматы қаласында таеквондодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп, еліміздің әр өңірінен келген  1750 спортшы бақ сынасқан  бұл сайыстан  Атырау облысы құрамасы  жеті  алтын, үш  күміс  және он  қола медаль еншілеп қайтты.

Алатау баурайында өткен балалар додасы үш күнге созылып, нәтижесінде  Ян Гапотченко (22 кг), Илья Макпузов (24 кг), Эмир Дадикенов (26 кг), Санжар Қонысбай (28 кг), Абылайхан Утебалиев (40 кг), Амира Өтемұрат (26 кг), Зейнеп Азаматқызы (20 кг) өз салмақтарында Қазақстан чемпионы атанды.

Ал, Дәулет Ғимранов (22 кг), Парасат Болат (26 кг), Алина Болат (26 кг) күміс медаль иемденсе, Ризабек Баймұратов (22 кг), Бекет Болатұлы (32 кг), Ерхан Болатбай (32 кг), Әлихан Жалелғали (34 кг), Хадиджа Серікқызы (20 кг), Нұрайлым Бақытжанқызы (24 кг), Жанел Дюсен (28 кг), Айдана Махмуд (28 кг), Азина Домбаева (34 кг), Диана Орынғалиевалар (34 кг) жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

64492140 2446531018900608 1595633762677293056 o
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз