Жергілікті тұрғындар жиналып балаларға ойын алаңын салып берді (ФОТО)

IMG 7159 Жаңалықтар

Атырауда жергілікті тұрғындар жиналып, балаларға ойын алаңын салып берді. Ізгілікті шара Атырау қаласындағы Жарбосынов көшесінде болды.

IMG_7159

Осылайша, №83В,85,87 үйдің тұрғындары бірігіп, миллион теңгеден астам қаражат жинап, ойын алаңын салу арқылы балдырғандарды қуанышқа бөлеп отыр.

IMG_7155

«Бұрындары балаларымыз әр жерде ойнайтын еді. Өздерінің алаңдары пайда болғанына, біз өте қуаныштымыз. Бәріне үлкен рахмет»,-дейді қала тұрғыны Әсел Мусайова.

IMG_7147

Сонымен қатар, балдырғандар да: «бұрын біздер тас жолда ойнап, киімдерімізді жырып алатын едік. Енді қазір өзімізге арналған керемет ойын алаңы бар»,-дей отыра, ағаларына үлкен алғыстарын жеткізді.

Гүлдана Жамбозова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз