Жер шетелдіктерге сатылмайды

20190521190441 Жаңалықтар

Atr.kz/22 мамыр, 2019 жыл. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Мемлекет басшысы ретіндегі берік ұстанымын білдірді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

«Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің Президент ретіндегі берік ұстанымым!» Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында шаруа қожалықтары басшыларымен болған кездесуде осылай мәлімдеді» делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барып, жастар форумына қатысты. Форм барысында Президент 2020 жылды Волонтерлар қозғалысының жылы деп жариялауды қолдайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындауды ұсынды.


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз