Жеңілдетілген карантин: Арнаулы көлік базасы

pragn Жаңалықтар

Аtr.kz/25 мамыр, 2020 жыл. Карантиндік шек­теу шараларының жеңілдетілгеніне қарамастан, жұмысын төтенше жағдай режиміндегі тәртіпте жүргізіп отырған құрылымның бірі – «Арнаулы көлік база­сы» ЖШС-і.

 Серіктестіктің баспасөз қызметінің жетекшісі Ирина Козонованың мәлімдеуінше, бірінші кезекте қаланың тазалығына жауапты мекеме пандемияның алдын алумен бай­ланысты белгіленген залалсыз­дандыру шараларын да қатар атқаруда. Осылайша, нау­рыз айының 27-сінде басталған дезинфекциялық жұмыстар қазірге дейін үзіліссіз жүргізіліп келеді.

Серіктестік өкілінің айтуын­ша, бұл мақсатқа төрт бригада, 16 адам және бірнеше бірлік арнаулы техника тартылған. Олар шаһардың оң және сол жақ бөлігіндегі автобус аялдамаларындағы павильондар (жалпы саны 148) мен контей­нер алаңдарына (500) күніне екі мезгіл (таңертең және түсқайта) дезинфекциялық өңдеу жүргізеді.

Ал, арнаулы машиналар болса, көлік жүретін көше жолдарына хлорланған ерітінділерді күніне үш мәрте шашып шығады. Мұның сыр­тында, қаладағы көпірлер мен көше бойындағы адамдар оты­ратын орындықтар, жиектастар мен суағарларды жуып-шайып тұру да осы мекеменің негізгі міндетіне кіреді.

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері жариялаған қаулыда атап көрсетілгеніндей, карантиндік режимнің кейбір баптары жеңілдетілгенімен, ар­наулы көлік базасында жұмыс қарқыны бәсеңсіген емес. Әрбір дезинфекциялық өңдеу ша­расынан кейін нысандардың тазалығы мен құрылғылардың жұмысқа жарамдылығы тексеріледі.

Ал, қала аумағындағы ауыл­дарда тұрмыстық қалдықтар бос күйінде жинақталып алынатындықтан, оларға кон­тейнерлер қойылмаған, алаң да орнатылмаған. Сондықтан, онда орталықтағыдай за­лалсыздандыру жұмыстары жүргізілмейді. Алайда, елді мекендердің тазалығы ұдайы назарда.

Жағымды жаңалықтың бірі, мұнда жақында бункер тасымал­даушы арнаулы көліктер келді. Былайғы контейнерлермен салыстырғанда, бункерлердің б а с т ы а р т ы қ ш ы л ы ғ ы сол, олар негізінен қатты тұрмыстық қалдықтардан бөлек шығарылатын габаритті емес (мәселен, құрылыс- жөндеу жұмыстарынан соң жинақталатын, сондай-ақ, ескірген жиһаз-мүліктер) қ а л д ы қ т а р д ы с а л у ғ а арналған.

Бүгіндері мұндай бункерлер қаланың Самал мөлтекауданындағы №26, 28 көшелер мен 16-шы өткелге, Сарыөзектегі Гүлден көшесіне (облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің маңы), сонымен бірге, Жұмыскердегі Жайық жағалауында, Береке ауылы мен Дамбы трассасының бойындағы «Рыбник» бау- бақша серіктестігі тұсында қойылған.

Қысқасы, жеңілдетілген карантин жағдайында да кәсіпорынның жұмысы ырғақты, жұмысшылары тұрақты болып тұр.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз