Желіде Нұрлан Ноғаевтың “крыша” туралы айтқан сөзінің видеосы пайда болды

photo 58092 1 БЕЙНЕЖАЗБА

Желіде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың “крышасы” бар браконьерлер туралы айтқан сөзінің видеосы пайда болды.

photo_58092

Видеожазбада облыс әкімі заңсыз балық аулаушылармен күрес жолынан қайтпайтынын мәлімдеген.

https://youtu.be/sH39RKoHVlo

Бұған дейін Атыраулық Сағынғали атты қарияның Нұрлан Ноғаевқа “крышасы” бар браконьерлер туралы шындықты жайып салғаны” хабарланған еді.

“…Браконьерге мен де қарсымын. Қазір үш браконьердің екеуінің крышасы бар. Ұстайды, крышасы барды қоя береді. Қалған біреуі қырғын соғыс. Енді мұндай әділетсіздікті көріп тұрғанда халық ушығады ғой”, – дейді ол облыс әкіміне.

Айта кетелік, сәуір айының басында балық уылдырық шашатын мезгілде су көлігін жүргізу ережесіне наразы болған бір топ атыраулық билік өкілдерімен қақтығысқан еді. Себебі, балық қорғаумен айналысатын инспекция су жануарының көбеюіне кедергі болмау үшін моторының қуаты 20 аттың күшінен асатын қайықтарды теңізге шығармай қойған. Кейін наразылық танытқан 37 адам тұрақты жұмысқа орналасуға келіскен.

Бірнеше күн өткен соң заңсыз ауланған 4 тонна балықтың Ресейге өтіп кеткені анықталып, көп ұзамай жергілікті Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтақ инспекциясының басшысы Мұрат Ермекқали өз еркімен жұмысынан кету туралы арыз жазды.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір облыста Жайық, Қиғаш өзендерін тереңдету жұмысы жүріп жатыр. Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту бағытындағы шаралар да күшеймек. Қазір ауданда 2 мамандық бойынша кәсіптік білім беруді ұйымдастыру жүзеге асырылып, колледж ашу мәселесі көтерілген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз