Жайықта ауланған қортпа балықтан 30 келі уылдырық алынды

20170402135318 Жаңалықтар

Сәуір айының басында Жайық өзенінде ұсталып, кейін Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының мамандарына тапсырылған қортпа балық 30 келі уылдырық берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.  

20170402135318

«Қортпа уылдырығы сауу әдісімен алынды, бұл сирек кездесетін ірі балықтың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Енді миллионнан астам шабақ алуға үміттіміз, тоғанда қажетті салмақ жинағаннан кейін оларды Жайыққа жібереміз», – деп хабарлады зауыт директоры Ғылман Сарсемалиев.

Еске сала кетсек, көктемгі балық аулау маусымының алғашқы күні Жайық-Каспий бассейнінде балықшылардың қармағына сирек кездесетін қортпа балығы ілінді. Оның салмағы 160 келіні құрады. Табиғи ортада жойылып бара жатқан балықты Амангелді атындағы өндірістік кооперативтің балықшылары аулап алды. Ол Жайық өзенінің Кіші Дамба учаскесінде торға түсті.

Қазақпарат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз