Жауынгерлік самбо жарысы

zhauyngerliksambo Жаңалықтар

Atr.kz/7 тамыз, 2019 жыл. Ақтау қаласында 2-3 тамыз күндері жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Онда 23 жасқа дейінгі ерлер өзара бақ сынады. Арасында атыраулық самбошылар да бар.

Бұл жолы да жерлестеріміз мықты екендерін дәлелдеп, төрт алтын, бір күміс және бес қола медаль жеңіп алды. Осылайша, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Ал, үш алтынға қол жеткізген Маңғыстау облысы екінші тұғырдан көрінді. Екі алтынмен жарысты қорытындылаған қарағандылықтар болса, үшінші орынды қанағат етті.  

Спортшыларға келсек, Еркебұлан Қуанғалиев (52 кило), Рамазан Ибатолла (57 кг), Айбек Әділов (62 кг) және Ерасыл Жомартұлы 68 (кг) алтын алқа тағынды. Сондай-ақ, 52 килода Әлібек Ибатолла күміс жүлдеге лайық деп танылды. Ал, қола жүлдегерлер қатарын  Ерасыл Серікқали (52 кг), Жасұлан Әубәкіров (57 кг), Шерхан Ниғмашев (62 кг), Ерназ Ерқуатов (68 кг) және Рүстем Мұңылбай (74 кг) толықтырды.  

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз