ЖАСТАРЫМЫЗ ЖАҢА БАСТАМАНЫ ҚОЛДАП ОТЫР

54799249 655624218205581 1878989320883273728 n Жаңалықтар

Atr.kz/ 25 наурыз, 2019 жыл. Биылғы жыл «Жастар жылы» болып жарияланғаны белгілі.

Осы орайда, «Елордамыз – Нұр-Сұлтан» атты концертке қатысушылардың бірі – Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлзада Каментаева «Atr.kz» сайтына өз пікірін білдірді.

IMG 20190325 WA0099

— Бұл еліміздің ертеңі саналатын ұрпаққа деген үлкен сенімді байқатса керек. Бүгінде бас қаламыздың Нұр-Сұлтан деп аталуын да жастар алғаш болып қолдап отыр.
Елбасының мемлекет дамуына қосқан үлесі ерекше. Экономикалық – әлеуметтік салада айта қаларлықтай жаңалықтар бар. Ал, Астана бәріміздің мақтанышымызға айналды. Кең даңғыл, аспанмен таласқан үйлер көздің жауын алады. Кезіндегі Целиноград осылайша адам танымастай өзгерді. Бас шаһардың мемлекетіміздіңТұңғыш Президенті атымен аталуы сондықтан заңдылық деп ойлаймын. Тілегім, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! — дейді ол.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз