Жастардың жарқын жеңісі Елбасы есімімен байланысты

ЖАСТАР ЖЫЛЫ Жаңалықтар Тұлға

Atr.kz/29 қараша, 2019 жыл. Ел ертеңі жастардың жетістіктерімен жіпсіз байланысты. Мейлі қай салада болмасын, олар бағындырған биік белестердің артында Елбасының ерен еңбегі жатыр. Мен мұны Ұлт Көшбасшысының жастармен жүздескен жиындарынан қалмай қатысқан «Жас Отан» жастар съезінің тұрақты делегаты ретінде батыл айта аламын.

АЛДЫМЕН…

Нұрсұлтан Әбішұлы биылғы жылды жастарға арнауы да тегін емес. «Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз. Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, энергияларыңыз бен патриотизмдеріңізге байланысты.

Бүгінде Қазақстанда жастарды әлеуметтік-мәдени бейімдеу мәселелерін шешу, жас адамдардың бәсекелік қабілетін дамыту өзекті болып отыр» деді ол. Осы орайда мен оның Жастарға жолдаған маңызды міндеттеріне тоқталғым келеді. Біріншіден, басты мәселе баспана болғандықтан, ол тек жұмысқа орналасқан жастарға ғана берілетінін қаперге берді Тұңғыш Президент.

«Баспанаға жұмыс істейтін және табысы барлар ғана үміт арта алатынын есте ұстаған жөн. Жұмыс, бұл – адам әл-ауқатының негізгі көзі. Сонымен қатар, барлық меншік формасындағы кәсіпорындар жас қызметкерлер үшін баспана жағдайын жасауға белсене қатысуы тиіс» деді ол.

Демек, үйлі болу үшін қызмет қылу керек.

ЕКІНШІДЕН…

Жұмыс демекші, Елбасы қойған екінші міндет – жұмыссыздықты жою. 2050 жылға қарай қазіргі кәсіптердің шамамен жартысын жасанды интеллект ауыстыратын болады. Соның ішінде, оңай регламенттелетін мамандықтар бар. Бұлар – сатушылар, жүргізушілер, операционистер, колл-орталық қызметкерлері, заңгерлер мен экономистер.

Жасанды интеллект әзірге адамдарды алмастыра алмайтын «күрделі» кәсіптер ғана сұраныста қалады. Олардың қатарында – ғалымдар, топ-менеджерлер, мәдениет қайраткерлері, ақпараттық технологиялар саласындағы топ-мамандар, жоғары санатты дәрігерлер. Сонымен қатар, медбикелер, бала күтушілер, әлеуметтік жұмысшылар сияқты «қарапайым» кәсіптер сақталады. Бұл – ел ертеңіне алаңдаған Елбасының жанайқайы десе де болады. Бұл мәселе мұнайлы мекенде қалай шешілуде?

Арнайы топпен жүргізілген талдау нәтижесі көрсеткендей, аймақта жүргізіліп жатқан идеологиялық жұмыстар жастардың барлық категориясын қамтымайды. Ауыл мен қала жастары арасындағы берік байланыс жойылып барады. Мәселен, қарапайым мысал келтірсек, жергілікті әкімдер, мекеме, қожалық басшылары жас маманға жағдай жасаудың орнына «сені кім шақырды?» деп қысым көрсететінін қайтерсіз?

Соңғы жылдары дипломмен ауылға келген мамандардың жартысы үйі мен күйі келіспеген соң, келген ізімен кері кеткен. Бүгінде ауылдарда газ бен су құбырлары тартылып, жол салынған, басқа да инфрақұрылым жүйелері жүргізілген. Мәдениет үйлері мен спорт ғимараттары, дәрігерлік бекеттер бой көтерген. Әйтсе де, жастардың өзі құлықсыз.

Бұдан бөлек, жоғары оқу орындарын, колледждер мен дайындық курстарын бітірген жастар жұмысқа орналаса алмайды. Еңбек өтілі, тәжірибесі, тіл білуі және басқалары сұралған кезде көбінің сағы сынып, амалдың жоқтығынан сатушылық, күзетшілік, даяшылық қызметке тұра салады.

СОНЫМЕН…

Келесі міндетті Елбасының мына бір сөзінен шығарып алуға болады. «Бүгінде талантты жастарымызға селективті көмек көрсету үшін деректер қорын, жастардың зияткерлік банкін құру қажет. Жас ғалымдарымызға өз идеяларын нақты жобаларға айналдыруына көмектесуіміз керек. Осы мақсатта Үкіметке жас ғалымдардың фундаменталды және қолданбалы зерттеулерін гранттық қаржыландыруды үш миллиард теңгеге ұлғайтуды тапсырамын» деді ол.

Расымен де, әлем жастарының сауаттылық индексі бойынша еліміз 15-ші орында келеді. Ал, жастардың білім деңгейі бойынша Швейцария, АҚШ, Норвегия және Финляндияны басып озып, тоғызыншы орында тұр. Ендеше, Қазақстан «жаңа интеллектуалды держава» бола алады. Айталық, АҚШ-та 20 миллион студенттің үштен бірі онлайн форматында оқытылады.

Сондықтан, Елбасы қашықтықтан оқытуды қолдану ауқымын кеңейтуді ұсынып отыр. Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісі 128 бірлікке көбейіп, 821 колледжді құрап отыр. 2017 жылдан бері тегін кәсіби-техникалық білім беру бағдарламасы бойынша 155 мыңнан астам жас білім алуда.

Тұңғыш Президент аталған жұмысты одан әрі жалғастыра беруді тапсырып отыр. Нәтижесінде үш жыл ішінде жаңа стандарттар бойынша 200 мыңнан астам маман дайындалып, 15 мыңнан астам оқытушы біліктілігін арттыратын болады. Жастар кешкі, жексенбілік және онлайн-курстарға бару арқылы өздерінің мүмкіндіктері мен перспективаларын кеңейте алады.

Тұтастай алғанда, үш жылда аталған бағдарламаларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 60 миллиард теңге бөлінетін болады. Сөйтіп, осы жобаға бір миллионнан астам адамды тарту жоспарланып отыр. Міне, бұл бастамалардың бәрі де Елбасы есімімен тікелей байланысты.

СӨЙТІП…

Елбасы ұлтжандылық мәселесі күн тәртібінен түспеу керектігін де үнемі айтып жүр. «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қарай «Жасыл Ел» қозғалысының базасында «Жасыл қала – жасыл ауыл» жалпыұлттық жобасын іске қосу қажет. Бүгінде бүкіл еліміз бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды құрылыс жұмыстарына жастарымыз белсенді атсалысуы керек.

Осы саладағы компаниялардың бәрі студенттік құрылыс отрядтары үшін арнайы квота бөлгені жөн» деді ол. Алдымыздағы жыл «Еріктілер жылы» болып бекітілген болатын. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлының «Жас сарбаз» бастамасының үлгісімен еріктілердің басын біріктіру мәселесін көтеруі де өте орынды.

Жаңа жылдағы тағы бір маңызды оқиға – Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы. Оған дайындықты қазірден бастай берген жөн-ақ. Ұлы Отан соғысының ардагерлер қатары да жылма-жыл сиреп барады. Қазақ жауынгерлері Ресей, Украина, Беларусь, Молдова, Прибалтика, Шығыс Европадағы Польша, Венгрия, Чехия, Румыния жерлерінде жанқиярлықпен соғысып, Берлинде Жеңіс туын желбіретті.

Сол сияқты, тың игеру жылдарындағы қазақтардың қайырымдылығы да бөлек талдауды қажет етеді. Олай болса, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бастамасынан туған «Қазақ халқына мың алғыс» акциясы тек корей, шешен, дағыстандық бауырларымыздың қазақ еліне деген шексіз сүйіспеншілігімен ғана шектелмей, заңды жалғасын табуы керек.

АҚЫРЫ…

Соңғы маңызды міндет – жастардың денсаулығын жақсарту. Елбасы бұл мәселені ешқашан назардан тыс қалдырған емес. «Жастарды жаңа әлеуметтік рөлдері мен отбасылық өмірдің
ыстық-суығына дайындау қажет. Мұны орта мектептердің жоғары сыныптарынан бастаған жөн. Отбасылардың ажырасу мәселесі бізді ерекше алаңдатады» деген ол ғалымдар, қоғам белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдарынан бұған ерекше мән беруді сұрап отыр.

Сандарды «сөйлетсек», тәуелсіздік жылдарында заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған 219 жаңа аурухана, 1200 жаңа емхана салынды. Алайда, халықаралық зерттеулер көрсеткендей, медицинаға денсаулықтың тек 10-15%-ы ғана тәуелді. Сондықтан, бойыңда ерік-жігерді ерте қалыптастырып, тән саулығын нығайту маңызды. Ұлт Көшбасшысы жүктеген міндет өндірісті өңірде қалай атқарылуда?

Өкінішке қарай, кешегі кеңес үкіметі кезінде сәнге айналған шылым шегу мен шарап өнімін қолдану бүгінгі қоғамда да маңызын жоймай келеді. Теріс әдеттің тамырына балта шабудың тың тәсілі бар ма? Ресми мәліметтерге сүйенсек, өңірдегі наркология мекемесінде 7 мыңға жуық науқас маскүнемдік пен нашақорлық дерті бойынша тіркелсе, соның алтыдан бірі – өрімдей жастар.

Сондай-ақ, жүйке ауруына шалдыққан 6 мың адамның жартысын жасөспірімдер құрайды. Жұқпалы аурулар, оның ішінде жыныстық жолмен берілетін инфекция түрін жұқтыру да тыйылмай тұр. Ал, әлі анықталмағаны қанша?

Түйін

Қоғамның күші – жастарда. Осыны Елбасы қашан да басты қағида қылып ұстап келеді. Ендеше, біз де бір ауыздан олардың ізгі жүректі, игі тілекті, «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» болуын тілейік.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

«Ел Yмiтi» – батыл бастама

Елордада Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жас көшбасшылармен кездесіп, жеткен жетістіктері мен түрлі салалардағы жаңалықтарымен танысты.

Сонымен бірге, атыраулық белсенді жас, «Jas Otan» Жастар қанаты Атырау облыстық филиалының төрағасы Ринат Ғилажев Елбасының қолынан «Белсенді қызмет үшін» төсбелгісін тақты. Бұл – «NUR OTAN» партиясы Саяси кеңесі Бюросының қ а у л ы с ы м е н шығарылған шешім, адал еңбектің лайықты бағасы.

Табалдырықтан аттағалы тұрған 2020 жылы барлық өңірлерде оқушылардың қабілеттері мен кәсіптік бағдарын ерте анықтайтын арнайы орталықтар ашылады. Онда дарынды балалардың қ а б і л е т і н диагностикалаудың үздік әлемдік т ә ж і р и б е г е негізделген заманауи әдістері қолданылатын болады.

Сондай-ақ, Елбасы жақын арада Елордада үздік білім беру ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін болашақ мамандықтардың орталығы мен арнайы ақпараттық алаң құрылатынын да қоса айтты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *