Жастарға айтылмайтын үш құпия

ЖАСТАР ЖЫЛЫ Жаңалықтар

Atr.kz/7 қараша, 2019 жыл. Бұл туралы танымал журналист-блогер Өркен Кенжебектің жергілікті жастармен кездесуінде сөз болды. Шын мәнінде бар құпия жастардың өзінде, олардың ой-өрісі мен мақсат-мүддесінде екені айтылды.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Төртінші билік» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шараға студенттермен бірге олардың ұстаздары да қатысты. Алты жыл ішінде 37 елге саяхат жасаған блогер енді Шри-Ланка халқының тұрмыс-тіршілігімен танысып келуді жоспарлап отырғанын айтады. Оның айтуынша, адам өз ой-өрісін дамыту үшін өзге елдегі жағдайды да біліп отырса артық етпейді.

– Ең тұрмысы төмен мемлекеттің де, ең білімсіз немесе мәдениетсіз адамның да бір артықшылығы болады, – дейді ол. – Тек соны көре білу керек. Міне, сіз де өз мүмкіндіктеріңізді танып, жаңа қырыңызды ашуыңыз қажет. Мүмкін емес ештеңе жоқ. Өзгелерге өзіңіздің ақылды, саналы екеніңізді дәлелдеуге қызмет етіңіз.

Соңында жиналғандар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

(Белгілі блогермен болған сұхбатымызды газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар)

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *