«Жас Отау» – баспаналы болудың тиімді жолы

20170729150338063 big Жаңалықтар

Қазіргі қазақстандық жастардың басты мәселесі – баспана. Бүгінде бір баласын арқалап, екіншісін жетегіне ертіп, пәтерден пәтерге көшіп, үй иесінің қас-қабағына қарап күнелтіп жүрген жас отбасылар бар. Жастарға баспаналы болуға мемлекет тарапынан қандай мүмкіндіктер қарастырылған? 

20170729150338063_big    Қазіргі таңда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жергілікті атқарушы органмен бірге «Жас Отау» аймақтық бағдарламасын жүзеге асыруда. Біздер қараша айының 22-нен бастап желтоқсан айының 13-не дейін арыз қабылдау байқауын жүргіздік. Жастарға арналған пәтерлер өте тиімді жолдармен беріледі. Демек, ол үйлерді алғысы келетін азаматтардың саны өте көп, ал, пәтерлер саны шектеулі. Сондықтан, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»  Baspana.kz жылжымайтын мүлік порталында байқау жариялайды.

Біріншіден, бағдарлама арқылы берілетін пәтерлердің құны, әр шаршы метріне 179 000 теңгені құрайды. Екіншіден, несие мөлшерлемесі 7%, ал, бастапқы жарна 20%-дан бастап және де үйлер таза әрі дайын күйінде пайдалануға беріледі. Сондықтан, бұл бағдарлама жастардың баспаналы болу мүмкіндігін арттырады, әрі замандастарымыз үшін өте тиімді жол болып табылады. «Жас Отау» бағдарламасына қатысу үшін ең басты талап – жастар «Қазақстандық тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшысы болуы қажет және депозиттің ішінде кем дегенде 500 мыңнан астам сома болуы керек. Сонымен қатар, ерлі-зайыптылардың жастары 29 жасқа толмауы және арыз берер кезде олардың меншігінде тұрғын үй болмауы шарт.

Бағдарлама бойынша  пайдалануға берілетін тұрғын үйлер облыс орталығының ең қарқынды дамып келе жатқан Нұрсая ықшамауданында орналасқан. Олардың төңірегінде мектеп және басқа да  әлеуметтік маңызы бар ғимараттар салынып,  жұмыс жасауда. «Жас Отау» отбасылық институтты нығайтуға, елдегі демографиялық ахуалды күшейтуге оң әсерін тигізеді деп ойлаймын.

Нұрбол ҚҰРМАН,

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

Атырау облыстық филиалының  директоры.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз