«Жас маман» бағдарламасы нақты нәтижеге жұмыс істейді

АРМАНДАСТАР ЖАСТАР ЖЫЛЫ Жаңалықтар

2019 жылдың «Жастар жылы» деп жариялануы ең алдымен жас буынның әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне ықпал етеді. Қазіргі таңда көптеген жастардың өз мамандығы бойынша еңбекке араласа алмай жүргені жасырын емес.

IMG-20190124-WA0023

Осы ретте еліміздегі жоғары және арнаулы орта оқу орындарында дуалдық білім беру жүйесі тәжірибесі кеңінен енуі қажет. Өйткені, теория мен практика ұштасқан жерде нәтиже болатыны белгілі.

Елбасының Үкіметке «Жас маман» бағдарламасын әзірлеуді тапсыруы өте маңызды қадам болып отыр. Бағдарлама 100/200 қағидаты бойынша жұмыс істейді деп күтілуде.

Тағы бір жаңалық – аталмыш бағдарлама аясында жаңғыртылған оқу орындарының жанынан жастардың инновациялық жобаларын қолдайтын стартап-орталықтар құрылатын болады. «Нәтижесінде үш жыл ішінде біз 200 мыңнан аса маманды жаңа стандарттар бойынша даярлап, 15 мыңнан астам оқытушының біліктілігін арттырамыз» деп атап өтті Президент Нұрсұлтан Назарбаев. Демек, жастарымызды өнертапқыштыққа мектеп қабырғасынан бастап баулуымыз қажет.

Мақсат ХАЙЫРБЕКОВ,

 Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің 2 курс студенті,

«Парасат» жастар ұйымының мүшесі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *