Жандос – Әлем чемпионы

zhand Жаңалықтар

Atr.kz/24 қазан, 2019 жыл. Жуырда Кипр елінің Лимасол қаласында самбо күресінен ардагерлер арасында әлем чемпионаты өтті. Егде тартқан боз кілем шеберлерін жинаған айтулы додаға 20 елден 380 спортшы қатысты. Осы сында өнер көрсеткен Атырау облысы ардагерлер құрамасы әлем чемпионатында 1 алтын және 3 қола медальға ие болды.

Әлем біріншілігі екі күнге созылып,40-44 жас аралығында 68 келі салмақта еліміздің намысын қорғаған жерлесіміз Жандос Тілекбаев барлық белдесуінде қарсыластарынан басым болып «Әлем чемпионы» атанды.  Ал, 62 келі салмақта кілемге шыққан тағы бір атыраулық Арман Усеев  жартылай финалда ғана сүрініп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына жайғасты.

Бұл жеңістерден соң қанжығамызға тағы екі қола байланды. Олардың иегерлері –Бұрхан Оралбеков пен Орынбасар Мұқанов. 45-49 жас аралығындағы жігіттер  74 келі салмақта тамаша күресті.

Айта кетсек, осыдан тура бір жыл бұрын Марокко елінде өткен әлем чемпионатында қос атыраулық спортшы Аян Тайжанов пен Марал Көшенов қола жүлдегер атанған болатын.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

zha
zhandos
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз