Жанармай бағасы: АИ-92 екі теңгеге арзандады

Жаңалықтар Экономика

Atr.kz/11 маусым, 2019 жыл. Елімізде үлкен сұранысқа ие АИ-92 бензині 2 теңгеге арзандады. Ең ірі бес компанияның үшеуі жанармайдың бағасын төмендетіп отыр.

Бүгінде «Helios» стансасында бір литр бензиннің құны – 145 теңге. «Sinooil» 149-дан 145 теңгеге төмендетті. «Газпром» бекетінде АИ-92-ні 146 теңгеге құюға болады. Есесіне «ҚазМұнайГазда» – 149 теңге, «Royal Petrol»-да – 145 теңге. Ал, дизель отынының бағасында өзгеріс жоқ. «Royal Petrol»-дағы жағармайдың бағасы ең төмен. Онда литрі – 188 теңге. «Helios» және «Газпромда» дизель құны басқаларға қарағанда жоғары. Стансаларда литрі 193 теңгеден сатылуда.

Азамат САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *