Жаңа жоба: «Atyraý» – менің газетім

ararrpopopo 1 "ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

Atr.kz/11 маусым, 2019 жыл. Жобада төл басылымның тарихы мен шежіресі, онда қызмет еткен журналистер туралы эссе-толғаныс түрінде берілуі керек.

Сонымен қатар, туындыда өлке жылнамашысы бейнесін болашақта қалай көргісі келетіні жөнінде де пікірлер айтылғаны абзал. Шығарманың көлемі А4 парағымен 14 кеглдік шрифтпен есептегенде бір беттен аспауы тиіс. Қатысушылардың жасы 15-30 аралығындағы жастарды қамтиды. Жоба жұмыстары биылғы жылға газетімізге жазылғандығы туралы түбіртектің көшірмесімен қоса редакцияға жолдануы тиіс. Іріктелген материалдар газетте жарияланады. Конкурс қорытындысымен жыл соңында үздіктер анықталып, марапатталатын болады. Олай болса, басылымның жаңа жобасына қатысуға асық, қадірлі дос!

Жас келсе – іске!

Еліміздің болашағы – жастар, сондықтан оларға үлкен үміт артылып отыр. Демек, енді жас буын өкілдері бұрынғыдан да белсенді болуы керек.

Әсіресе, жас мамандарды қолдау – басты мәселе. Осы орайда, Елбасы Жолдауында жас отбасыларды баспанамен қамту керектігін айтқан болатын. Сонымен қатар, «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеуді тапсыруы қажеттіліктің өтеуі болды деп есептеймін. Жоба аясында жыл сайын білім алатын жұмыссыз жастар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 100 мыңға дейін жеткізілмек. Жолдауда ауылға баратын жастар санын арттыру, жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін гранттық қаржыландыруды көбейту, қашықтықтан оқыту жүйесін дамыту, «Жас маман» бағдарламасын әзірлеу тапсырылды. Бұны өз кезегінде Елбасының көреген саясаты деп бағамдап, келешек көкжиегінің жарқын боларына жасалған қадам деп білемін.

Осылайша, Нұрсұлтан Әбішұлы барша жасты отаншылдықты көрсететін, әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылуға көмектесетін, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыратын нақты іс-әрекеттерге шақырды. Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Бүгінгі жастар креативті пікірге ие. Шыны керек, қазір олардың арасында соңғы инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жоба ұсынып жүргендері де баршылық.

Түрлі жаңа технологияның игіліктерін біліп, көріп жүрген де солар. Арамызда инновациялық жобаларды халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатыстырып, арнайы грант ұтып алған жастар көп. Ал, оны ғылыми тұрғыда жүзеге асыруға қаржылық қолдау қажет. Демек, мемлекет тарапынан озық идеяларға, ұтымды жобаларға арнайы
қаржы қарастырылып, жүзеге асуына мұрындық болған жөн. Онсыз білімді жастар шетел асып, басқа елдің атынан шығуы әбден мүмкін.

Сол себептен ғылымды дамытамыз десек, әуелі инновациялық жобаларды мақұлдау қажет деп білемін. Бүгінгі жастар – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Себебі, патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды.

Бұл ретте, жас судьяларды қолдау, оларға сенім арту – маңызды мақсат. Себебі, судья – мемлекеттің ақиқатты ұстанатын басты бейнесі десек, жас мамандар сол мүдденің үдесіне шығарына сенім мол. Қазіргі таңда судья болуға ниет білдірген үміткерлерге қойылатын талаптар Қазақстан Ресубликасы Конституциясында және «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі» туралы Заңда тайға таңба басқандай анық көрсетілген.

Сондай-ақ, Ұлт жоспарында сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту мақсаты қойылған. Бұл өз кезегінде судьялыққа бекіген жастардың аталған қызметке білік-білімімен тағайындалатынын айғақтайды. Қазақта «Жас келсе – іске» деген сөз бар. Ақылды технология заманында ақыл да, тың идея да жастардан шығады. Ендеше, Жастар жылын мүмкіндіктер жылы деп білеміз.

Жанат ХАБАРОВ,

Атырау қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының судьясы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз