Жаңа босанған әйел неден көз жұмды?

znakcom 357657 Жаңалықтар

Аtr.kz/28 мамыр, 2019 жыл. Атырауда босанған әйелдің неден қайтыс болғаны белгілі болды.

«Алдын ала диагноз бойынша, әйел қағанақ су эмболиясынан көз жұмуы мүмкін. Бірақ, бұл тек – болжамды диагноз ғана. Нақты себебі барлық сараптама жүргізілгеннен кейін белгілі болады», – деп хабарлады облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев.

Еске салайық, әйел облыстық перзентханаға Исатай ауданынан келіп түскен. Босану процесінде кедергілер болып, ана мен бала өміріне қауіп төнуі мүмкін болғандықтан, оған кесарь тілігін жасау туралы шешім қабылданды. Ота сәтті өтті, баланың өміріне ешқандай қауіп төнген жоқ. Бірақ, белгісіз себептермен бірнеше сағат өткен соң әйелдің халі нашарлаған. Оны құтқару мүмкін болмаған. Бірнеше сараптама тағайындалды. Соның қорытындысына қарап оның нақты неден қайтыс болғанын айтуға болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз