Жалақы неге әртүрлі?

124044 Жаңалықтар

Аtr.kz/5 маусым, 2020 жыл. Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауға келген сапарында шетелдік және қазақстандық жұмысшы-қызметкерлердің жалақысын сәйкестендіру жөнінде тапсырма берген болатын.

Бұл мәселе «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің жыл басында мұнайлы өлкеге сапары барысында да көтерілді. Өңір үшін өзекті са­налатын осынау мәселелерді тиімді шешу мақсатында Бас прокуратура шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарға тексеру жүргізу туралы нұсқау беріп, облыста бірқатар іс-шаралар атқарылды.

 «30-дан астам шетелдік жұмысшылары бар 43 мекеме тексеруден өтті. 400-ден астам заң бұзушылық анықталып, 16 кәсіпорында шетелдік және жергілікті қызметкерлер арасында еңбекақы төлеу бойынша 109 сәйкессіздік ф а к т і с і а н ы қ т а л ы п отыр». Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспек­ция басқармасының басшысы Игілік Әубәкіровтың айтуын­ша, бұл өткен жылдың екінші жартысында жүргізілген тексеру жұмыстарының қорытындысы.

Жоспарлы іс-шаралардың нәтижесінде 264 әкімшілік іс қозғалып, 88,6 миллион теңгеден астам айыппұл салын- ған. Бұл күнде аталған сома мемлекет пайдасы­на толықтай өндірілген. Анықталған кемшіліктердің басым бөлігі жалақы төмендігі мен тұрмыстық жағдайдың сәйкес еместігінен орын алып отыр. «Яғни, білігі бірдей, жалақысы жоғары, бір лауазымда қызмет атқаратын отандық маман  мен шетелдік маман алатын еңбекақының арасындағы айырма 10 есеге дейін жет­кен фактілер кездесті. Мы­салы, қазақстандық инже­нер 28 күн вахталық ауы­сыммен қызмет еткен кезде 700 мың теңге жалақы алса, сәйкесінше дәл осы қызметті атқаруға қарсы вахтаға кел­ген шетелдік инженер 3 мил­лионнан астам жалақы алып келген» дейді басқарма бас­шысы. Осы секілді 109 факт тіркелген.

Шекара асып келген маманның маңдай терінің мұнша лық ты жо ғ ары бағалануымен қатар, олардың тұрмыстық жағдайында да сәйкессіздіктер кез­дескен. «Бұл кемшіліктер анықталысымен, жұмыс берушілерге арнайы мерзім тағайындалып, мәселені түбегейлі шешу туралы та­лап қойылды. Оның қандай әдіспен шешілетіні біз үшін маңызды емес. Бастысы – талаптың орындалысы. Кей компаниялар жалақыларын теңестірсе, енді бірі шет елдік қызметкерді жұмыстан шығарып жіберді. Анықталған фактілер бойынша атқарылған жұмыстарымен таныстық, талыбымыз орындалған. Алдағы уақытта да, бақылауда ұстайтын боламыз» дейді құрылым жетекшісі.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 262 шетел азаматының рұқсат қағазы кері қайтарылып, 212 шетелдік елден шығарылды. Олардың ішінде 43 Ұлыбритания азаматы, 24 түркиялық, 33 Түркіменстан азаматы бар.

Бұл бағыттағы осы жылға бекітілген жұмыс күшін тарту квотасы 40 пайызға төмендетілді. Мәселен, өткен жылы бұл көрсеткіш 17 мың болса, биыл 10567 бірлікті құрап отыр.

«Жыл сайын шетелдік үлесі бар мекемелер жоспарлы тексеріледі. Негізгі крите­рий – 30-дан астам шетелдік жұмысшы болуы. Облыс әкімінің өкімімен екінші жар­ты жылдыққа тізім бекітілді. Былтырғы олқылықтар орын алған мекемелерді де қайтадан тексереміз. Дис­криминация мен диспропорцияға жол бермеу – негізгі мақсат. Бұл – жергілікті а т қ а р у ш ы биліктің назарында өткір тұрған мәселелердің бірі» дейді облыстық мемлекеттік инспекция басқармасының басшы­сы И.Әубәкіров бізбен әңгімесінде.

Айта кетелік, орын алған олқылықтардың барлығы мұнай-газ саласына қатысты кәсіпорындарға тиесілі. Басым бөлігі «Теңіз» кен орнында тіркелген жағдайлар.

 Қалай дегендеде маңдайтермен тапқан нәпақаның лайықты бағаланып, төленуі – ең басты мәселе. Бұл бағыттағы жоспарлы жұмыстар жалғаса бермек.

Гүлжан ӘМІРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз