Жалған ақша жасау жиілеп кетті

oshrshhrshhgshhgshshh Жаңалықтар

Atr.kz/12 тамыз, 2019 жыл. Ұлттық Банк қолдан жасалған банкноттардың анықталу жағдайларының жиілеп кеткені жайында хабарлайды.

Қазақстан Ұлттық Банкі 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік қолдан жасалған банкноттардың анықталу жағдайларының жиілеп кеткені жайында хабарлайды. Қолдан жасалған банкноттардың сериялық нөмірі – ВВ 5547994, бірақ басқа нөмірлер де болуы мүмкін.

Қолдан жасалған банкноттар қорғалған қағазда компьютерлік техника пайдаланыла отырып жасалған, банкноттың бүкіл бетінде геометриялық фигуралар түріндегі сутамғы белгілері бар. Сонымен бірге оларда мифтік «Самұрық» құсы түріндегі сутамғы белгінің имитациясы бар.

oaroop

Ұлттық Банк қолдан жасалған банкноттарда қорғаныш элементтері: сутамғы белгі, үзік жіп, жасырын және аралас бейнелер, барыс қанатының бейнесі түріндегі «СПАРТ» қорғаныш элементі, ультракүлгін жарықпен ғана көрінетін бейнелер және басқалары имитацияланған.

Ультракүлгін жарықпен қарағанда қолдан жасалған банкноттың көгілдір түсі болмайды. Мұндай банкноттардың түрлі-түсті талшықтарын қолдан ақша жасаушыларқолдан бояумен салады.

5000 теңгелік қолдан жасалған банкноттың түстері түпнұсқасына қарағанда көмескіленіп тұрады.

ropoperogshhpn

Ұлттық Банк халықты қырағы болуға және нағыз банкнотты қолдан жасалғанынан ажыратуға көмектесетін бар болғаны бірнеше ережені сақтауға шақырады.

  • 1.Алдымен банкнотты сезіну қажет. Банкноттың қағазы ерекше сықырлайды. Банкноттарда бедер беретін арнайы мөр бар. Бұл бедерді «Қазақ елі» монументі, банкнот номиналының әріппен берілген, архитектуралық бейнелер, Қазақстан картасы және «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу салынған жерде байқауға болады.
1

Банкноттардың барлығында қол сипағанда жақсы білінетін, шығыңқы бедерлі элементтер түріндегі, көруі нашар адамдарға арналған белгілер бар.

2

  • 2.Содан соң банкнотты мұқият қарау қажет. Банкноттың түсі анық әрі контрасты болуға тиіс, сутамғы белгіні және номиналдың цифрлық бейнеленуін көретіндей етіп банкнотты жарық түсіріп қарау қажет.
3

Осы сияқты жазуы бар үзік сызық түрінде банкноттың бетіне шығып тұратын тұтас магнитті және үзік-үзік жіпке назар аудару қажет, ол жарық түскен кезде жазуы бар тұтас жіп түрінде көрінеді.

ropop 1
  • 3.Банкнотты сонымен бірге айналдырып қарау қажет. Номиналы 1000, 2000, 5000,

10000 және 20000 теңгелік банкноттарда түсі ауысып отыратын бояумен салынған сурет түріндегі бейнелер бар. Банкнотты қисайту бұрышын өзгерткен кезде бейнелердің түсі жасыл түстен алтын түстес түске дейін өзгереді.

4

Номиналы 2000 және 5000 теңгелік банкноттардың сырт жағында голографиялық жолақ бар. Голограммадағы бейнелер құбылып тұрады және динамикалық әсері бар.

5 1

Көрсетілген сезін, қара және айналдырып қара әдістері арнайы жабдықты пайдаланбай банкноттарды жылдам көзбен көріп тексеру үшін жеткілікті. Аталған әдіс 5 секундқа да жетпейтін уақыт алады және банкноттардың түпнұсқалығын тексеруге көмектеседі.

Арайлым Асылбекқызы,

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ

Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс

және кассалық операциялар бөлімі

басшысының орынбасары

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз