Жайық жағасындағы жарқын бастама

Жаңалықтар Сырқайнар Шаһар шырайы Қоғам

Atr.kz/19 шілде, 2019 жыл. Облыс орталығындағы тұрғын үйлердің қабырғаларына «streetart» стилінде салынған суреттер шаһар шырайын келтіріп тұр.

Көздің жауын алар көріністі салған кәсіби суретшілердің қатарында Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының оқытушылары да бар. Енді осынау игі бастаманы болашақта олардың шәкірттері де жалғайды деп сенемін.

Соңғы кезде Жайық жағалауында мектеп оқушылары сурет салуды дәстүрге айналдырып келеді. Олар сұлу табиғат пен қаланың көрікті тұстарын тақырыпқа арқау еткен. Бұл, бір жағынан оқушылар үшін үлкен тәжірибе болары сөзсіз.

Екіншіден, жағалауда серуендеп жүрген тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Сәуле ШАЙХИЕВА,

білім беру саласының ардагері

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *