Жайық өзенінде балықтың жаппай қырылуына айыптылар кінәларын мойындамады

Жаңалықтар Құқық

Atr.kz/8 шілде, 2019 жыл. Атырауда басталған сот процесінде Жайық өзенінде балықтың жаппай қырылуына айыптылар өз кінәларын мойындамады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот отырысында өткен жылдың желтоқсан айында балықтың жаппай қырылуына айыпты «Атырау су арнасы» КММ-нің бұрынғы директоры, оның орынбасары мен су тазарту стансысының бұрынғы басшысына қатысты айыптау қорытындысы оқылды. Кәсіпорынның бұрынғы директорына ҚР Қылмыстық кодексінің 371-інші (Салғырттық), 204-інші (Аса ірі көлемде залал келтіре отырып, өзгенің мүлкін жою), 328-інші (Қоршаған ортаға аса ірі мөлшердегі залалға алып келген жерүсті суын ластау) баптары бойынша кінә тағылып отыр.

Сот алдында жуап беріп отырған өзге тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 328-інші және 204-інші баптарымен айыпталуда. Күдіктілер өз кінәларын мойындамайтындықтарын жеткізді. Сот талқылауы жалғасуда. Еске салайық, ҚР ІІМ тергеу тобының нұсқасы бойынша, 2018 жылдың желтоқсанында балықтың жаппай қырылуы «Атырау су арнасы» КММ-нің Жайық өзеніне құрамында хлоры көп суды төгуінен болған. Салдарынан барлығы 120 тонна балық, соның ішінде 101 тонна бекіре тұқымдас балық қырылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *