Жайық өзеніне шомылу маусымы аяқталды

a43683d33b40f413228d54e3c6ed4a2f 12 Жаңалықтар

Atr.kz/13 қыркүйек, 2019 жыл.  Жайық өзеніне шомылу маусымы 20 тамыз күні аяқталды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Бүгінгі таңда Атырау облысында тұрғындардың шомылуына ресми түрде рұқсат етілген екі жағажай бар. Оның  екеуіде қалада орналасқан. Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Аскат Ержановтың айтуынша, Жайық өзеніне шомылу маусымы тамыз айының 20 күні аяқталған.

– Бүгінгі күні шомылу маусымы аяқталса да, Жайық өзеніне шомылушылар көп. Оның көбісі 10-15 жас аралығындағы ер балалар.  Қазіргі таңда Жайық өзенін 4 секторға бөлдік. Сол секторлар бойынша күнде арнайы топ рейд жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындардан Жайық өзеніне түспеу сұралады, – дейді Аскат Ержанов.

Айта кетейік, Жайық өзеніне шомылуға 15 маусымнан бастап рұқсат берілген болатын.

«Atr – Ақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз