Жабайы қоқыс алаңдары жойылады

whatsapp image 2019 11 13 at 14.15.47 Жаңалықтар

Atr.kz/14 қараша, 2019 жыл. Атырау облысы бойынша стихиялық қоқыс үйінділерін жою жұмыстары жүргізілуде.

Қалалық ТКШ бөлімінің мәліметіне сүйенсек, алдымен қала маңында пайда болған қоқыс алаңдарының 259 нүктесі анықталған. Мамандардың айтуынша, бұл үйінділер рұқсат етілмеген жерлерге қатты тұрмыстық қалдықтарды әкеп төгу салдарынан пайда болған.

Мұндай жабайы қоқыс алаңдарын жою мақсатында «АрнаулыАвтобаза» мердігер мекемесі жанынан арнайы жұмысшы тобы құрылып, қажетті техникалар  жұмылдырылды. Күні бүгінде негізгі 3 алаң тазартылып, 120 тонна қоқыс шығарылған. Бұл жұмыстар келер жылы да жалғасын табады.

whatsapp image 2019 11 13 at 14.15.48
whatsapp image 2019 11 13 at 14.15.47 1 1
whatsapp image 2019 11 13 at 14.15.40

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз