Жақсылыққа апармайтын жол

35 байқау Жаңалықтар

Облыс аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын насихаттау, оның кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын қалыптастыру мақсатында «Нұр Отан» партиясының Атырау қалалық филиалында «дөңгелек үстел» өтті.

35_%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d2%9b%d0%b0%d1%83

«Төртінші билік» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шарада мемлекеттік өкілетті органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері өңірдегі сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар жағдайына тоқталды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті  басшысының орынбасары Абзал Жаншабай қоғам үшін түйінді мәселеге айналған мұндай көріністерге жол бермеу – Елбасы саясатының басым бағыты екенін атап айтты.

– Бүгінде белең алып жатқан жемқорлыққа жол бермеу – тек құзырлы орын өкілдерінің ғана емес, бұл – әркімнің міндеті. Қызмет бабында пара алу, беру, студенттердің ақшамен сессия жабу мәселелерінің соңы жақсылыққа апармайды, – деді А.Жаншабай.

Жиынға қатысушыларға аймақта сыбайлас жемқорлыққа жол берген адамдар туралы нақты деректерді баяндаған бейнебаян көрсетілді. «Дөңгелек үстел» соңында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамды құқықтық сауаттандыру жөнінде уәкілетті орын мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері арасында екіжақты ашық келісімге қол қойылды.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз