Жаңа әлеуметтік орталық ашылды

369ecc65775f80f975dc1c537750d1a9 Білім

      Жақында Атыраудағы «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Үшқара» инклюзия аумағы» әлеуметтік орталығының тұсауы кесілді. Мақсат – топтың қажеттіліктері мен талаптарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарды оқыту және жұмыспен қамтамасыз ету.  

369ecc65775f80f975dc1c537750d1a9-768x510

Жаңа әлеуметтік орталық қаланың Атырау ықшамауданы бөлігінде тұратын жандарға инклюзиялық аумақ құрып, мүмкіндігі шектеулі және дені сау адамдарға ұлттық нақыштағы кәдесыйлар жасау дағдыларын меңгерту, оларды бойындағы қызығушылығын арттыруды көздейді. Атырау қаласында өткен «Samruk Kazyna TRUST» ұйымдастырған «Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту «ӘREKET» жобасының іріктеу конкурсы нәтижесі бойынша «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігі (жетекшісі Күлбаршын Нұржігітова) 500 мың теңге грантына ие болған еді. Бұл бөлінген қаражат осы орталықты ашуға жұмсалып отыр.

                                                                                              Гаухар ТҰРАРБЕКҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз