Жаңа учаскеде дауыс берді

photo 175143 Жаңалықтар

Atr.kz/9 маусым, 2019 жыл. Биыл алғаш рет «Өркен» шағын ауданының тұрғындары №246 сайлау учаскесі бойынша дауыс берді. Бұл учаскені екіге бөлу туралы шешім халықтың көптігіне байланысты қабылданған болатын.

Мұнда келгенімізде сағат тілі 09:20-ны көрсетіп тұрды. Комиссия төрайымы Салтанат Урликованың айтуынша, барлығы 1710 сайлаушы бар. Соның 97-і осы уақыт аралығында дауыс беріп үлгерді.

– Тұрғындар саяси науқанға ерекше белсенділікпен қатысуда. Олардың өз таңдауын жасалуына барлық жағдай жасалып отыр, – деді комиссия төрайымы.

Мұнда байқаушы болып тіркелген «Amanat» сайлауға мониторинг жүргізу азаматтық платформасының өкілі Нұрсат Ислямғалиев саяси науқанның қалыпты жағдайда өтіп жатқанын баяндады.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз