Жағадағы жаппай жүгіріс (+ФОТО)

img 6422 Жаңалықтар

Atr.kz/17 қазан, 2019 жыл. Өңірімізде жаппай жүгіруден жарыс өткізудің жақсы үрдісі қалыптасқандай. Осының дәлелі ретінде жуырда Атырау қаласы жұртшылығы арасында  «YELLOW RACE 2019» атты  күзгі марафон болып өтті.

Жексенбі күні өткізілген бұл шараға 500-ге жуық желаяқ қатысты. Олардың дені жастардан құралғанмен, қалың топтың ішінде бірді-екілі  балауса балалар мен егде тартқандар  да көзге түсті. «Ретро саябағының» қақпасы – жүгірушілердің бастау алар және мәреге келер орны болып белгіленді.

Жайық өзені жағалауын бойлай  жүгірген  марафоншылар орталық көпір маңына келген соң,  келген бағытына қарай кері жүгірді. Осы қашықтық 5 шақырымды құрады.  Жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған сайыс қорытындысында алғашқы болып мәре сызығын кескен бес ер және бес әйелге арнайы медальдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. 

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

img 6426
img 6525
img 6429
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз