Жаңа жылда қанша күн демаламыз?

Ел жаңалықтары Жаңалықтар

Atr.kz/8 қараша, 2019 жыл. Қазақстан үкіметі 2020 жылы жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін демалыс күндерін ауыстырды.

Үкімет Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесін бекітті.

Демалыс күні жексенбі, 5 қаңтардан жұма, 3 қаңтарға ауыстырылды. Яғни, қазақстандықтар Жаңа жылда 1, 2, 3, 4 қаңтар қатарынан төрт күн демалады. Ал 5 қаңтар, жексенбі жұмыс істейді. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін сенбі, 4 қаңтар да – жұмыс күні.

Сондай-ақ, мамыр мен желтоқсан айындағы демалыс күндері де өзгертілді.

Демалыс күндері:

  • дүйсенбі, 11 мамырдан жұма, 8 мамырға;
  • 2020 жылы жексенбі, 20 желтоқсаннан жұма, 18 желтоқсанға ауыстырылды.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

Дереккөз: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *