Жаңа вагон жолға шықты

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/19 шілде, 2019 жыл. «Бүгін Нұрлы-Жол вокзал кешенінде Ұлттық тасымалдаушы ресей технологиясына сай отандық «Тұлпар Тальго» зауытында құрастырылған жаңа вагондардың презентациясын өткізді» деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Компанияның бас директоры Арман Сұлтановтың мәлімдеуінше, бұл вагондар – ол «Жолаушылар Тасымалы» Компаниясы, бірқатар мемлекеттік органдар мен БРК-Лизингтің бірігіп атқарған орасан зор еңбегінің жемісі. Мұндағы басты мақсат – әлеуметтік маңызды бағыттарда қатынайтын жолаушыларға барынша жайлылық туғызу.

№ 377/378 «Алматы-Маңғыстау» бағыты бойынша қатынайтын пойыздардың құрамына тіркелген 25 вагон 22 шілдеден бастап жолға шығады. Бұл – жолаушылардың сұранысын қанағаттандырады деп күтілуде. Алматыға дейін бұл пойыз 20 сағатта жетіп, жолда 3 стансаға тоқтайды.

Жалпы, плацкарт вагондары 54 орынға есептелген. Қызмет ету уақыты 40 жыл. Жолдағы максималды жылдамдығы 160 км/сағ.

Вагон ішінде кондиционер жүйесі, өртке қарсы жүйе және су қоры, екі биотуалет, видеобақылау жүйелері орнатылған. Әр вагонда 6 видеокамера бар. Олар таспаны түрлі-түсті және ақ-қара режимінде түсіреді. Барлық бейне штабтық вагондағы пойыз басшысының қадағалауында болады.

  • Әр купеде және коридорда екі 220В қуат беретін розеткамен және ұялы телефонды қуаттандыруға арналған екі USB-портпен қамтылған. Әр вагонда жолсерікке арналған тоңазытқыш пен микротолқынды пеш, ауыз су диспенсері мен ыстық суымен титан орнатылған.

Сонымен бірге байланыс, диагностика және басқару жүйелері де қарастырылды. Ал, әжетханалар жолаушылардың көңілінен шығатындай экологиялық таза блок қондырғыларымен толықты.

«Жылдың соңына дейін тағы 38 жаңа вагон сапарға шығады. Әр жыл сайын біз өзіміздің вагон паркімізді жаңа 100 вагонмен толықтырып отырамыз» – деген компания басшысы Арман Сұлтанов әлеуметтік маңызы бар маршруттардың проблемасының шешілетін күні де алыс емес екенін айтты.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *