Жұмысшылар неден уланды?

42ad0c69fadb9d5b780c0eccd815be07 XL 3 Жаңалықтар

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы Теңіз кен орнында 26 жұмысшы уланып қалғаны жөнінде хабарлады.  

42ad0c69fadb9d5b780c0eccd815be07 XL

Улану дерегі Болашақ кентіндегі асханалардың бірінде кешкі астан кейін тіркелген. Құлсары қаласындағы орталық аудандық ауруханаға 21 адам жеткізілген. Зардап шеккендер саны 26 адамға жетіп отыр.

– Төтенше жағдай болған «Монтажарнайықұрылыс» акционерлік қоғамының барлық қызметкерлері тамақтан улану күдігімен ауруханаға жатқызылды. Жергілікті дәрігерлерге көмектесу үшін қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары аудандық ауруханаға жіберілді. Алдын ала анықталғандай, диагноз – гастроэнтероколит. Науқастардың жағдайы орташа деп бағалануда, – дейді аталған инспекция басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз