«Жұлдыздың» бас жүлдесі – Алтынайда!

Жаңалықтар Мәдениет

Таяуда Атырау қалалық әкімдігі мен «Қазақстан-Атырау» телеарнасының бірлесуімен ұйымдастырылған «Жұлдыз» жобасы өз мәресіне жетті. Өңіріміздегі университеттер мен колледж студенттерінің арасынан өнер саласындағы жас талант-тарды анықтау мақсатында өткізілген ауқымды шара соңында жүзден жүйрік шыққандар марапатталды.

Мега жобада бағын сынағандар қатарында Каспий өңірі қазіргі заманғы колледжінің студенттері де болды. Ақтық сынға дейін жеткен талапты да, талантты жастар қатарында Н.Нығметов пен     Д.Ғазизова да өз өнерлерін көрермендерге паш етті.

Бәрекелді!

Ал, тікелей эфир арқылы өткен сайыс соңында колледжіміздің ІІ курс студенті Алтынай Несіпбаева қазылар алқасының шешімі мен көрермендердің дауыс беруінің нәтижесінде 8 қатысушының арасынан озып шығып, бас жүлде 1 миллион теңгені еншіледі. Өз кезегінде «Жұлдыз» жобасының бас жүлдесіне қол жеткізген Алтынайға колледж әкімшілігі де қолдау білдіріп, «Білім грантын» тағайындады. Сайыста сан қырымен танылған студентімізге шығармашылық табыс пен биік шыңдарды бағындыруды тілейміз.

Батыржан Қисамеденов,

Каспий өңірі қазіргі заманғы колледжінің оқытушысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *