Жүлдеге тігілген өгізді «Әт-Тақуа» мешітінің жамағаты жеңіп алды (ФОТО)

9722 17 Жаңалықтар

Құрбан айт мейрамының құрметіне орай, орталық «Иманғали» мешітінің ұйымдастыруымен «Нұрсая» спорт кешенінде волейболдан жарыс өткізілген болатын.

9722 (17)

«Нұрсая» спорт кешенінде өткен дүбірлі додаға орталық мешітке қарасты қаламыздағы 6 мешіттің волейбол ойнайтын жамағаттары қатысты. Тартысты өткен додада «Әт-Тақуа» мешітінің жамағаты бірінші орынды иеленді. Екінші және үшінші орынды «Құспан молла» мен «Қажымұқан Мұңайтпасұлы» мешіттерінің командалары бөлісті.

9722 (15)

Жеңімпаз атанған «Әт-Тақуа» мешітінің командасына елміздің бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының атынан өгіз сыйға берілді. Команда құрамындағы алты адам жүлдені өзара бөлісіп, сиыр малы етінің жарты бөлігін мұқтаж жандарға таратты. Құрбан айт мерекесіне орай орайластырылған спорттық шара осылайша қайырымдылыққа ұласты. Айта кету керек, жүлделі орын иелерінің барлығына бағалы сыйлық табыс етілді.

9722 (11)

9722 (13)

9722 (18)

9722 (20)

9722 (21)

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Нұрислам ӨТЕШ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз