Жұмыссыз жастарға – мол мүмкіндік (+ФОТО)

Білім Жаңалықтар Саясат

Atr.kz/10 қазан, 2019 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауынан туындаған міндеттер – бәрімізге ортақ. Оларды жүзеге асыру жолдары Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде де түсіндірілуде.

Жолдауда айтылғандай, өз түлектерін жұмыспен қамту жағынан еліміздегі жоғары оқу орындарының жартысы ғана 60 пайыздық деңгейге қол жеткізіп отыр. Шындығына келгенде, оқу орындарының міндеті тек білім берумен ғана шектелуі тиіс. Яғни, жастарды жұмыспен қамту мәселесіне басқа да мекемелер жауапты. Бұл бағытта Президент ортақ іске жұмыла жүріп кірісу керектігін ашық айтқан еді. Міне, жұмыссыздықты болдырмау үшін университет басшылығы да барынша атсалысып келеді. Нәтижесі де жоқ емес.

Мәселен, өткен жылы 901 түлектің 794-і немесе 88,1 пайызы жұмысқа орналасты. Ал осы жылы оқуды тәмамдаған 1350 студенттің 988-і (73,1 пайызы) жұмысқа орналасып отыр. Бұл қыркүйек айында жинақталған көрсетіш. Келесі мониторингг қараша айында жүргізіледі. Ендеше, осы деңгей келесі жылы да сақталады деп күтеміз. Мұнай сенім шәкірттеріміздің биылғы білімі деңгейінен туып отыр.

Мемлекет басшысы мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалғанын жасырмады. «Жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады. Олар амалының жоқтығынан қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуде. Экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары, бірақ мүмкіндіктер аз. Кәсіпорындар тиісті мамандарды шетелден шақыруға мәжбүр» деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Ендеше, сол шетелдік мамандарды жергілікті кадрмен алмастыру қажет.  

Бұл бағытта Атырау мұнай және газ университетінде дуальды оқыту факультеті жұмыс жасайды. Мұнда былтыр 40 студент білім алып шықты. Ал, биыл  45 студент бітіріп,  өз мамандықтары бойынша сол мекемелерде жұмысын жалғастыруда. Алдағы 2020 жылы 38 болашақ білікті кадр дайындалып шығады деп күтілуде. Бұл аталған жобаны әрі қарай дамытып, жетілдіру керектігін көрсетеді. Теориялық жағынан ғана емес, іс жүзінде де жұмыс жасап келген жастар кәсіпорындар үшін ауадай қажет. 

Алпамыс ХАСАНҰЛЫ,

С.Өтебаев атындағы АтМГУ-дің кәсіптік бағдар беру және

еңбекке орналастыру басқармасының маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *