Жүргізуші куәлігі қалай беріледі?

20161005125613 1 Жаңалықтар

Atr.kz/8 шілде, 2019 жыл.  Шілде айынан бастап елімізде жүргізуші куәлігін беру, ауыстыру жаңа жүйеге көшірілді. Енді «темір тұлпарды» тізгіндеушілер қажетті құжаттарын бұрынғыдай бір жарым сағатта емес, жиырма минутта жаңартып алатын болды. Алайда, редакцияға телефон шалған оқырмандар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы ұзын сонар кезектен мезі болғанына шағымдануда. Біз мәселенің анық-қанығын білу үшін орталық мамандарына хабарласып, мән-жайды түсіндіріп беруін өтіндік.

– Осыдан он жыл бұрын алғаш рет жүргізуші куәлігіне тапсырыс берген кезде бірер сағаттың ішінде құжатымды алған едім. Содан бері оның жарамдылық мерзімі а я қ т а л ы п , а у ы с т ы р м а қ болдық. Бірақ, бұл жолы уақытты көбірек жоғалтуға тура келді. Өйткені, қазір мұнда барлығы өзгерген. Б і р е с е б а з а ж ұ м ы с істемей қалса, енді бірде жаңа жүйе жүктеліп бол- майды. Түске дейін өтінім бергенмен, дайын құжат сол күні түстен кейін ғана қолыма тиді. Барлық дерлік мемлекеттік қызмет көрсету цифрлы жүйеге ауысып, жаңарып жатқанда мұндай келеңсіздіктің орын алғаны өкінішті. Бұған кім тосқауыл қояды? Орталықтағы кезек қашан аяқталады? – дейді қала тұрғындарының бірі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалы фронт-офистерді үйлестіру басқармасының басшысы Бақыт Бейбітұлынан білгеніміздей, атыраулық автокөлік жүргізушілерінің ш а ғ ы м д а р ы н е г і з с і з емес екен. Алайда, бұл кемшіліктер уақытша ғана кедергілер екенін, жуық арада мәселе бірқалыпты жүйеге түсетініне сендірді. Басқарма басшысының түсіндіруінше, бұрын по- л и ц и я қ а р а м а ғ ы н д а ғ ы автокөліктерді тіркеу мен жүргізуші куәліктерін беру қызметі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүктелді. Яғни, шілдеден бастап тіркеу ем- тихан бөлімі де аталмыш орталыққа берілді.

– Жаңа формат бойы н ш а қ а б ы л д а н ғ а н құжаттың сканерленген нұсқасы бірден құзыретті органдарға жіберіледі. Қажет болған жағдайда жүргізуші теориялық ем- тихан тапсырған кезде стандартқа сәйкес болуын арнайы кабинетте орталық мамандары қадағалап оты- рады. Одан сүрінбей өткен жүргізушіге құжаты бірден беріледі. Сөйтіп, қызмет көрсету мерзімі айтарлықтай қысқартылды. Рас, 1 шілдеде жүйеге құжаттарды жүктеу қиынырақ болды. Соның салдарынан, тұрғындар біраз уақытын жоғалтты, – деген Бақыт Бейбітұлы алдағы уақытта бұл қалпына келетінін жеткізді.

Жалпы, жаңа жүйе іске қосылғаннан бері «элекронды үкімет» порталы арқылы 82 атыраулық жүргізуші куәлігінің жарамсыз болуына байланысты құжатын ауыстырған. Ал, 11 тұрғын мұндай куәлікке тұңғыш рет қол жеткізген. Үш жүргізуші қосымша С, D категорияларын алуға ниет білдірген. Жүргізуші куәлігін жоғалтып алған 14 «темір тұлпар» тізгіндеуші құжатының «дубликатын» жасатып алған. Соттың шешімімен көлікті басқару құқығынан айырылған үш жүргізуші орталық арқылы теориялық емтихан тапсырған.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз