Зейнеткерлер поликлиникаға өз өтініштері бойынша тіркеле алады

3370222 Жаңалықтар

Atr.kz/6 қараша, 2019 жыл.  Мемлекеттік қызметтер көрсету аясында «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуші медициналық ұйымдарға тіркелуді» қазақстандықтар, оның ішінде зейнеткерлер поликилиникаға өтініш жазып тіркеле алады.

       Бұлардан басқа, өтініштері бойынша поликлиникаларға тіркеле алатындар:
• мүгедектер;
• бала кезінен мүгедекке заң бойынша тағайындалған қамқоршылары (осы категория жеке тұлғалары кәмілетке толғандары да бола алады);
• ҚР заңдарына сәйкес баланың қамын, білім алуын, тәрбиесін, құқығы мен мүүдесін қорғауды жүзеге асырушы қамқоршылары мен потранажды тәрбиешілер және басқа да оларды алмастырушы тұлғалар;
• колонияларда жазасын өтеуші сотталғандар;
• студенттер;
• мерзімді әскери қызметтегі әскерилер;
• шет мемлекеттерде дүниеге келген балалар;
• сенімхат арқылы тіркеуді толтырушы сәбилер, жетім балалар, қарттар үйлері.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Байланыс телефондары: : 8/7122/ 956 936, 8/7122/ 956 931.

Бірыңғай байланыс нөмірі – 1406.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз