Үздік жобаға – 20 мың еуро!

экспо 20172 Жаңалықтар

Астанада ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатынын растаған мемлекеттердің делегаттары бас қосты. Оларға көрме жұмысының барлық бағыттары бойынша ақпарат беріліп, шара уақытында тіркеу және басқару операцияларын жүргізу жұмыстары таныстырылды.

экспо 2017+2

Жиынды ашқан Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес Қазақстан тарапының көрмеалды дайындығын жоғары бағалады. «Біз қазір көрменің соңғы кезеңіндеміз. Біздің ортақ жұмысымыз үлкен жетістік әкеледі» деген бас хатшы баламалы қуат көздерін дамыту тақырыбының маңыздылығына тоқталды.

«Астана ЕХРО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов халықаралық қатысушы тараптарға павильондарды тапсыру жұмысының жүріп жатқанын атап өтті. «Көптеген мемлекеттер құрылыс-монтаждық жұмыстарын жүргізуге кірісіп кетті» деді ол. Оның пікірінше, қауіпсіздік шараларына ерекше көңіл бөлінеді.

Басты жаңалық, көрме кезінде болашақ энергиясы саласында ең үздік деп танылған жобаға «Ғарыш» сыйлығы  – 20 мың еуро тапсырылады.

Айта кеткен жөн, бүгінгі күні 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым ЕХРО – 2017 көрмесіне қатысатындығын ресми түрде растады.

Баян Жанұзақова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз