«Үздік әлеуметтік жобалар»

Bay au Жаңалықтар

Осындай атаумен «Нұр Отан» партиясының бастамасымен қолға алынған байқаудың аймақтық кезеңі өз мәресіне жетті. Астананың 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған конкурсқа барлығы 20 үміткер өз жобасын ұсынған. Солардың арасынан үздік деп танылған жұмыс авторлары Н.Жантөрин атындағы облыстық филормонияда өткен шара барысында марапатталды.

????????????????????????????????????

Комиссия шешімімен үшінші орынға Жолдас Ғұмаровтың «Мөлдір көз» цехы жобасы лайықты деп танылды. Осыдан екі жыл бұрын ашылған жартылай фабрикаттар дайындау (тұшпара, манты, тефтели, котлет) цехындағы дайын өнім түрлері жоғары сұранысқа ие болды. Аталған жоба аясында жартылай фабрикаттар жалғызбасты мүгедектерге, әлеуметтік осал топтарға жататын отбасыларға тегін беріліп жүр.

Екінші орынмен «Сана» қоғамдық қорының жетекшісі Аяжан Қожықова марапатталды. Қор жыл бойы мүгедектігі бар балаларға, қарт адамдарға көмектесіп, қайырымдылық шараларына белсенді атсалысып келеді. Оның «Ерекше» деп аталатын орталығы мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеу және бейімдеуге арналған.

Он жыл ішінде көптеген отбасыға үміт сәулесін шашып, әлеуметтік мәселелерін шешуге өз үлесін қосқан Гүлбаршын Нұржігітова «Қолтаңба» шеберханасы жобасымен «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалар» байқауының аймақтық іріктеу кезеңінде бірінші орынды жеңіп алды. Осылайша «Қолтаңба» шеберханасы, «Ерекше» орталығы мен «Мөлдір көз» цехы жобалары байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.

Мәлике Мәлік

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз