Қылмыскер жайында ақпар бергенге ақша төленбек

photo 23818 Жаңалықтар
      Ішкі істер министрлігі қылмыскерлерге қатысты жедел ақпарат жеткізгендерге ақша төлейтін болады. Ол үшін көшедегі және қоғамдық орындағы заңбұзушылықты сурет пен видеоға түсіріп, полицияға жіберу қажет.
photo_23818
      Жуырда тұрғындардың қылмыскерлер туралы ақпарат жіберуі үшін арнайы қосымшаны іске қосылады деп күтілуде. Айталық, видео арқылы тыйым салынған жерде шылым шеккені дәлелденген азамат 7212 теңге айыппұл төлейді. Оның 3 мыңға жуық теңгесі куәгерге сыйақы ретінде беріледі. Айыппұлдың тең жартысы мемлекетке түссе, 40 пайызы заңбұзушылық туралы хабар берген адамға беріледі. Ал, қалғаны мобильді қосымшаны жасап жатқан компанияға тиесілі. Бүгінде азаматтарымыздың 78 пайызында ұялы телефон бар. Бұл әдіс АҚШ, Канада секілді елдердің тәжірибесінен алынып отыр.
      Тағы бір жаңалық, ішкі істер министрлігіндегі және аймақтардағы департамент, бөлімше басшыларының бір бөлігі қызметтен қысқартылып, миллиардтаған қаржы үнемделмек. Шамамен 450 лауазымды қызметкер көзделіп отыр.
Өз тілшіміз.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз