«WhatsApp» мессенджерінде жаңа функция іске қосылмақ

49c3337a91db77f3732687a1353c5bdb Жаңалықтар

Atr.kz/27 қараша, 2019 жыл. Facebook-ке тиесілі WhatsApp мессенджерінде жаңа функция іске қосылмақ.

Facebook-ке тиесілі WhatsApp мессенджерінде жаңа функция іске қосылмақ. Қолданушы көрсеткен мерзім өткеннен кейін бағдарлама хабарламаларды автоматты түрде өшіре алады.

Бұл жаңалықты Android платформасына арналған 2.19.348 бета-үлгісінен анықтаған WeBetaInfo басылымы жазды. Бұрынғы үлгілерінде функция «Жойылатын хабарламалар» деп аталған болатын, енді оны «Хабарламаларды өшіру» деп өзгертті. Функцияның баптауларына «Контакт туралы мәлімет» немесе «Топ туралы мәлімет» батырмалары арқылы, егер чат болса – топтық деп қол жеткізуге болады.

Екіншісінде тек әкімшілерде ғана мүмкіндік бар. Хабарламаларды бір сағаттан кейін, күн, апта, ай немесе жыл өткен соң автоматты түрде өшіруге болады. WhatsApp-тың тұрақты нұсқасында жаңалықты пайдалану әзірге мүмкін емес, бета-үлгісінде де барлық қолданушыларға қолжетімді болмауы мүмкін.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз