Виртуалды шындық дәуірі басталады

Жаңалықтар

Atr.kz/3 қазан, 2019 жыл. Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг Le Point журналына эксклюзивті сұхбат берді.

Оның айтуынша, жақында виртуалды шындық дәуірі басталады және бұл дәуір бәріне теңдей мүмкіндік береді. «Біз адамдардың бәрін бір-бірімен жақындастыру үшін еңбек етіп жатырмыз. Біздің мақсатымыз — адамдардың қарым-қатынас құру қажеттілігін өтейтін технология құру. Осы күнге дейін біз танымал қосымшалар (facebook, whatsApp, instagram) арқылы қарым қатынас құрып келеміз және олар адамдарды жақындастырады. Енді жаңа деңгейге көтерілетін уақыт жетті», дейді Марк Цукерберг. Оның айтуынша, интернет дербес компьютерден мобильді телефондарға өткен. Енді жақында виртуалды шындық дәуірі орнайды. «Виртуалды шындық технологияларының ерекшелігі – олар белгілі бір орында адамдармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Сіз смартфонға кіріп кеткен соң дәл қасыңызда отырған адамның бар-жоғын сезбейсіз. Ал виртуалды шындық арқылы жақындарыңызбен байланыс орнатуға болады», дейді Марк Цукерберг.

Мұндай технология манипуляцияны арттырмай ма деген журналистің сұрағына ол VR керісінше адамның бағалау мүмкіндіктерін өсетінін жеткізді. «Алыстағы адаммен байланысу мүмкіндігі жақсы, бірақ оны көру, түр әлпеті мен ым ишараларын а дейін көріп, біліп отыру тіптен жақсы. Google жақында квантты саланың керемет жаңалығын таныстырды. Ол заманауи суперкомпьютер он мың жылда орындайтын операцияны төрт минутта атқара алатын процессорды таныстырды. Міне, осындай жаңалықтар ашуға жарысу керек. Бұл өте пайдалы болады», деді Марк Цукерберг.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *