Үздік маманға – алғыс хат

1 1 Жаңалықтар

Облыстық әкімдікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға зор үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілер мен олардың ата-аналарына құрмет көрсетілді.

????????????????????????????????????

Алдымен, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушы Руслан Тұңғышбаев мемлекеттің дамуына, ауқымды реформаларды іске асыруда мемлекеттік қызметшінің рөлі зор екеніне тоқталды.

Шарада құрметке ие болғандардың қатарында облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Серік Демегенов, облыс әкімі аппаратының бас маманы Марфуға Шапабаева бар. Ал, республикалық «Үздік мемлекеттік қызметші» байқауына қатысқан Марат Әбуов пен Ермек Шмалиев департаменттің Алғыс хатына ие болды.

Сонымен қатар, мерейлі қызметті мінсіз атқарып жүрген мамандардың ата-аналары да марапатталды.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз